«Бұл мәселе ирандық тараппен талқыланды. Бұл Дубайға демалуға баратын адамдар үшін қолайлы болмақ. Сонымен қатар, бізде Иран диаспорасы көп. Олар жиі туыстарына барады, тікелей әуе рейсі болмағандықтан Баку арқылы ұшуға мәжбүр. Бұл рейстің Ираннан Ресейге бағыт алған жолаушылар үшін маңызы зор», - деді әуежай мүмкіндіктеріне арналған жиында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов.
Сондай-ақ ол «Атлас джет» түрік әуе компаниясының Стамбұл - Ақтау бағытында ұшатын чартерлік рейсіне тұрақты рейс статусын беру керектігін атап өтті. Өйткені облыс тұрғындары арасында бұл рейске деген сұраныс көп.
«Чартерлік рейстерге рұқсат беру механизмін қайта қарап, шетелдік компанияларға қойылған шектеулерді алып тастау керек деп есептеймін. Көптеген тасымалдаушылар біздің әуежаймен ынтымақтастық орнатқысы келеді, алайда ондай мүмкіндіктер болмай жатады», - деді Ақтау әуежайы басқармасының төрағасы Киледжи Сельчук.
Сондай-ақ ол әуежай Шарджу мен Дубайға, Үндістан мен Қытайға тікелей рейс ашуға, тұрғындарға Ақтау-Самара-Стамбұл және Стамбұл-Самара-Ақтау тиімді бағытын ұсынуды жоспарлап отыр.