Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ақтау-авиа" шекаралық бақылау отрядының шекарашылар жасағы Ақтау - Мәскеу рейсінен жеке тексеру кезінде декларацияда көрсетілмеген 210 мың АҚШ долларын алып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады. Осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде.