Оның айтуынша, әуежайдағы тексеру кезінде онда бейнебақылау жүйесі жұмыс істемей тұрған, ал №1 және №3 қадағалау-өткізу бекеттері тексеру алаңдарымен жабдықталмаған болып шыққан. Өткізу ережелерін бұзу оқиғалары анықталды. Автокөліктер мен әуежай аумағына кіріп жатқан адамдар мүлдем тексерілмейтін болып шықты. Сонымен бірге авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу билетіне тексеру жүргізілгені туралы белгі соқпау дерегіне жол береді екен. Тексеру барысында бөтен адамның жүгін ешбір кедергісіз алып шығу дерегі тәркелді. Ал тиісті қызметтердің мамандары осындай жағдайда еш шара қолданбаған, деп хабарлады Ж.Айымбетов.
Тексеру қорытындысы бойынша “Ақтау халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамына бір нұсқау, төрт таныстыру, бір қарсылық құжаты мен прокурорлық тексеру актілерінің қорытындысы бойынша заңдық екі түсініктеме берілді. 11 адам тәртіптік және матреиалдық жауапкершілікке тартылса, әуежайдың қауіпсіздік қызметінің 6 қызметкері жұмыстан шығарылды.
“Ақтау халықаралық әуежайында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы қанағаттанарлық емес болып шығуға байланысты осындай тексерулер бұдан былай басқа да құқық қорғау мекемелерімен келісе жүзеге асырылатын болды”,- деді Ж.Айымбетов.