Ақтау гарнизонында 40 әскери қызметкер отбасы жаңа пәтерлер кілтіне ие болды

Тікелей осы мақсатпен Ақтауға ұшып келген ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев әскерилерге пәтерлер кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Жалпы алғанда, Ақтауда қорғаныс министрлігінің қаржысымен 109 пәтер салынды. 2003-жылдың желтоқсан айында Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің 69 офицерінің отбасы дәл осы жаңа үйден пәтерлер алған.

Әскерилерге отбасы мүшелерінің санына байланысты соңғы үлгіде жоспарланған 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер берілді.
М.Алтынбаевтың айтуынша, "әскерилер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы мен ҚР қорғаныс министрлігінің күш-жігері арқасында пәтерге ие болды".
Өзінің аймаққа жұмыс сапары барысында М.Алтынбаев Су-27 жойғыш ұшақтарына арналған тұрақтар салынан Ақтау әуежайында болды. Бұл жерде Қазақстанның батыс бөлігінің әуе кеңістігін бақылайтын авиациялық топ орналасатын болады. Қазіргі жағдаймен топ құрамы жасақталды. Су-27 ұшақтары кешікпей Ақтауға келіп жетеді деп күтілуде.