Сараптама қорытындысы есірткі затының героин екенін көрсетіп берді. Тұтқынның айтуынша, ол есірткіні тауып алып, жеке тұтыным үшін сақтап қойған.
Қазір тұтқын Ақтау ІІБ-ның уақытша тергеу қапасында отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің ірі көлемдегі есірткі заттарын алыпсатарлық мақсатымен заңсыз сатып алу немесе сақтау жөніндегі 259-бабы, 2-тармағына сәйкес ол 3-7 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.