Ақтау халықаралық әуежайын жаңалау 2007-жылы басталады

Өңір басшысының айтуынша, халықаралық аэровокзал салып, аэродромды жаңалау нәтижесінде әуежайдың инфрақұрылымы халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіріледі. Ұшулар мен авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізіледі деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру сонымен бірге өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, кәсіпкерлерді іс-қызметін пәрмендендіруге ынталандырып, жұмыс орындарының құрылуына, салық салынатын базаны ұлғайту арқылы аймақ бюджетінің кірісі ұлғаюына септігін тигізбек.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ақтау әуежайы 1983-жылы пайдаланылуға берілген. Қазір ол халықаралық стандарттарға мүлдем сай келмейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті