Ақтау мен Шымкентте шыққан өрттердің салдарынан үш адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21 қарашада сағат 01.56-да Ақтау қаласындағы 11-ші ықшамауданда көп пәтерлі тұрғын үйде шыққан 10 шаршы метр аумақтағы өрт кезінде бір адам қаза тауып, ТЖМ қызметкерлері 12 адамды сыртқа алып шықты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының көмегімен 02 сағат 41 минутта сөндірілді.

Тағы бір өрт 21 қарашада сағат 00.50-де Шымкенттің Лесков көшесінде шықты. 2 шаршы метр аумақта жер үйде шыққан өрт кезінде 80 және 45 жастағы екі әйел көмірқышқыл газынан уланып мерт болды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының көмегімен 01 сағат 25 минутта сөндірілді.