Ақтау порты арқылы бір ЖШС қызметкерлері құны 2,4 млн. теңгелік контрабандалық тауар өткізген


Олар тиісті құжаттарды қолдан жасап, 414 мың теңге көлеміндегі кедендік төлемдерді төлемей контрабандалық жолмен өткізген.

«Жиылған материалдарда ҚР ҚК 209 бабы 1 тармағында көрсетілген (контрабанда) заңбұзушылықтың орын алғанын дәлелдейтін айғақтар бар. Осыны негізге алған департамент қызметкерлері ірі көлемдегі экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайын ашып, оған қатысы бар тұлғаларды анықтайтын тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің сараптама және статистика бөлімінің басшысы Мақсат Ақмұратов.