қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.
«Ақтау порты ТРАСЕКА және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көліктік дәліздердің тоғысында орналасқан. Ақтау портын дамытуға және оның жүк қабылдау мүмкіндігін жылына 21 млн. тоннаға дейін жеткізу үшін Қазақстан үкіметі қыруар қаражаттар бөлуде. Онда ең заманауи логистикалық инфрақұрылымдар салынады және оның құрылысы аяқталған кезде Ақтау порты ең заманауи және инновациялық порттардың бірі болмақ», - деп атап өтті ол.