Ақтау портының қуаты екi есеге арттырылады


Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова мәлiм еттi. 

Оның сөзiне қарағанда, 6 жыл бұрын басталған жоба аяқталуға жақын. 

"Ақтау портының солтүстiк бағытта дамыту" бiз үшiн ауқымды инфрақұрылымдық жоба. Сөз жоқ, ол жүк айналымының көлемiн күрт ұлғайтатын болады. Осы жобаның аясында Ақтау порты арқылы жүк тасымалы 2 есеге дейiн артады деп күтiлуде. Осыған байланысты портта инфрақұрылымды заманға сай келтiру бойынша жұмыстар атқарылуда", - дедi Ш. Iлмұханбетова.

Айта кетейiк, қазiргi уақытта Ақтау порты арқылы жылына 14 млн. тонна жүк өтуде. Жоба iске асқаннан кейiн оның көлемi 28 млн. тоннаға жетедi деп жоспарлануда.