Ақтау қаласы мен Ақтау теңіз айлағын өзара жалғастыратын жаңа жолдың құрылысы осы айдың аяғына дейін аяқталады

Жол құрылысы мемлекеттік тапсырыс бойынша салынуда. Жолдың бұл бөлігіндегі асфальттың қалыңдығы 9 см-лік екі қабаттан құралады.

Қ.Мақыповтың хабарлауынша, автожолдың қала үшін пайдасы ұшан-теңіз. Жолдың пайдалануға берілуі нәтижесінде қала мен айлақ арасындағы арақашықтық бірнеше есе қысқарып, автокөлік айдаушылар үшін темір жолды қазіргідей үш мәрте емес, бір рет қана басып өтуге тура келеді.