Ақтау, Қостанай және Қызылордадан 800-ге жуық бала робототехника негіздерін үйренеді

Ақтауда жоба сағат 11.00-де №11 ОМ (9 шағын аудан) басталады.

Қостанайда 11.00-де физика-математика лицейінде (Абай даңғылы, 17).

Қызылордада 09.30-да №217 ОМ басталады.

Жоғарыда аталған уақытта үш қалада «Роботек» жетекші робототехника мектебінің бірінің мамандары оқытушылармен кездеседі. Жүздесу барысында педагогтар мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын «Ozyq urpaq» жобасының тұсауы кесіледі.

Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. «Ozyq urpaq» іске асыру кезінде мұғалімдер біліктіліктерін арттырып, Қордан қаржыландырылатын факультативтік сабақтар өткізу арқылы алған білімін 800-ге жуық оқушыға үйретеді.