«Қатты құйын секундына 17 метрге жетті, жол шаңнан дұрыс көрінбейді. Синоптиктер құйын күні бойы болады деген болжам келтірді», - деп «Қазгидромет» облыстық филиалы мәлімдеді.
Агенттік тілшісінің айтуынша, шаңнан жолдар, тіпті жақын маңдағы үйлер көрінбейді, көшелер бос қалған, бірен саран адам беттерін бүркемелеп әрең кетіп барады.
Ақтау халықаралық әуежайы қатты құйын салдарынан бірнеше ұшақты қабылдай алмаған.
Астрахань мен Алматыдан шыққан ұшақтар Атыраудағы қосымша аэродромға барып қонған.