Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды

Оқу-жаттығуларға Қазақстан, Ресей және Украинаның арнаулы қызметтерінің өкілдері қатысуда. Қазақстан атынан оған ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ІІМ-нің ішкі әскерлері комитетінің бөлімшелері атсалысуда.

Оқу жаттығуларды ТМД антитеррорлық орталығы ұйымдастырды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, оқу-жаттығулар барысында теңіз инфрақұрылымы нысандарында жасалуы мүмкін диверсиялық - лаңкестік әрекеттердің алдын алу және кепілге алынған адамдарды босатуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде пысықтау жоспарланған.