Ақтау теңіз айлағында кеден бекеті ашылды

Бұл бекетте Қазақстанның стратегиялық қорына жататын мұнай және мұнай өнімдерін, электр қуаты мен табиғи көгілдір отынды экспорттауға қатысты құжаттар рәсімделіп, кедендік тексеру жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда 2004-жылдың 11 айында бұған дейін Ақтаудағы кедендік бақылау департаментінде болған "Энергетический" кеден бекетінің қызметкерлері 45 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасын әшкереледі. Осындай оқиғаларға байланысты 1 млн. теңгенің айыппұлы салынды. 11 айдың қорытындысы бойынша өндіріп алынған республикалық бюджетке төленуі тиіс кедендік төлемдердің көлемі 300 млн. теңгені құрады, дейді департаменттегілер.