Ақтау теңіз портын «ҚТЖ»-ның басқаруына беру шаралары аяқталуға жақын - А.Мамин

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин мәлім етті.

«Қазіргі кезде Ақтау теңіз портын «ҚТЖ»-ның басқаруына беру бойынша шаралар аяқталды. Қазақстан Республикасының заңына тиісті өзгертулер енгізілді», - деді А. Мамин.

Белгілі болғанындай Ақтау халықаралық портын акционерлік қоғам етіп қайта құрып, оның акциясын ҚТЖ-ның сенімді басқаруына беру жүзеге асырылмақ.