Ақтау тұрғындары жағалауда жыландардың қаптауына байланысты алаңдаушылық білдірді

Ақтау қаласының жағалауында үймелеген жыландарды байқаған тұрғындар алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Бауырымен жорғалаушыларды зерттеуші мамандар қала тұрғындарына бұл жыландардан еш қауіп жоғын айтады. Былтыр Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілі Людмила Быкова Бұл жыландардан еш қауіп жоғын айтқан еді. Өйткені бұл бауырымен жорғалаушылар - су сарыбас жыланы екен. Жыланның бұл түрі адам денсаулығына еш қауіп төндірмейді.

"Дронт" экоорталығы жанындағы амфибиялар мен рептилияларды қорғау қоғамының координаторы Марк Пестов улы жыланды улы емес жыланнан қалай ажырату және онымен кездеске уақытта адам өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып берді. Ең улы жыландардың, әдетте, басы үшбұрыш болады. Сондай-ақ улы жыланды көзінің қарашығынан ажыратуға болады. Улы жыландардың қабағы тік саңылауы болады, ал улы емес жыландарда ол домалақ болып келеді. Бір метрден асатын жылан - көрінеу улы емес болуы керек. Сіз суда немесе Каспий теңізінің жағасында кездестірген жылан қауіпті емес. Алдыңыздан жылан шықса, не істеу керек?