Ақтау тұрғыны көріпкелге «тағдырын түзетуге» 780 мың теңге берген

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жәбірленуші сеніміне кірген алаяқ одан 779 601  теңге алған. Көріпкел ұсталды», - делінген хабарламада. 26 желтоқсан  күні жәбірленуші «тағдырдың түзелуіне көмектесемін» деп уәде берген, бірақ сөзінде тұрмаған көріпкелдің үстінен шағыммен полицияға жүгінгені айтылады.

«Криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.