«Бұл туралы хабар 17 қаңтарда шамамен сағат 16.40-та келіп түсті. Сәбидің мәйіті Ақтау-Боранкөл-Атырау тас жолының жанындағы 900 метр жердегі қоқыстан табылды. Сот және дәрігерлік сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі әзірге дайын емес. Бейнеу аудандық ІІБ полицейлері ҚР ҚК 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жазира Әбіл.
Тергеушілер болған оқиғаның анық-қанығын анықтап, нәрестенің анасын іздестіріп жатыр.