Ақтауда 2 әскери қызметкердің өліміне қатысты күдікті ұсталды

«Ол өз қылмысын мойындады. Қазір тергеу жүргізілуде. Бұған қатысты өзге ақпарат әзірге таратылмайды», - деді облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Әлия Шармағамбетова. Оның сөзіне қарағанда, ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2 мамыр күні Ақтауда жалдамалы пәтерде зорлықпен өлтірілген 2 әскери қызметкердің мүрдесі табылған. Ал пәтердің өзін әлдебіреулер өртеп жіберген. Марқұмдар №25744 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызметте жүрген. Бұл теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы. Оқиғаның мән-жайы әзірге таратылмай отыр.