Ақтауда 3 жастағы сәби тапаншаны өз басына қаратып атып жіберген


Ербол Кенжебалов, Маңғыстау облысы балалар ауруханасының дәрігері:

- Түскен кездегі диагнозы бас сүйектен ату жарақаты, бас сүйектің атуы, травматикалық шок.Бірінші хирургиялық өңдеу операциясы жасалды. Операциядан кейінгі жағдайы бүгінгі таңда орташа ауырлықта.

3 жасар Рахманның ауруханаға жеткізілген кезіндегі жағдайы тіптен мүшкіл еді. Бас сүйегі оңбай опырылған, тапаншаның оғы дәл тиіпті. Дереу ота жасалған. Абырой болғанда оқ бөбектің миына зақым келтірмей жанай өткен. Ал тәртіп сақшылары Рахманның қандай тапаншадан атылғанын анықтауда. Әзірге белгілісі, ол тапанша сол үйдің сөресінде жатқан. Бірақ отағасының ол қаруды ұстауға ешқандай рұқсат қағазы болмапты. Сасқан әкесі, көшеден тауып алып, үйге әкеп қойдым депті. Қазір құқық қорғау орындары төтенше жағдайдың себеп-салдарымен жіті танысуда. Жақын күндері өлім аузынан қалған балғынның әкесіне қатысы “Заңсыз қару сақтағаны” үшін қылмыстық қозғалуы мүмкін.