Жер асты дүмпулерін бірнеше ықшамаудан тұрғындары да сезді деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
«Мен 4-қабатта тұрамын. Жер асты дүмпуін сездім, люстралар қозғалды», – деп хабарлады 26-ықшамауданның тұрғыны.
Жер сілкінісі туралы хабарламалар 26,27 және 29-ықшамауданының тұрғындарынан да келіп түсуде.
Volcano Discovery мәліметінше, Маңғыстау облысында 4,5 балдық жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған.