Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ЛАДА.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Aktau Plaza" тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да адамдар бірінші қабаттан мінген лифт шахтаға құлаған.Зардап шеккендер жоқ, адамдар бір-біріне лифтіден шығуға көмектесті.
«Бұндай жағдай бірінші рет болып жатқан жоқ. Үй салушылар бұл жағдайды біледі. Бірақ ешқандай шара қолданбайды. Шамамен бір жыл бұрын үйдің жартысынан көбі қоныстанған. Алайда тұрғындар әлі күнге дейін пәтерлерге ешқандай құжаттар алған жоқ. Тіпті үйде газ қосылмаған» - деп үй тұрғындары шағымданды.