Ақтауда акватакси жұмыс істейтін болды

Ж.Тоқбаеваның айтуынша, «Акватакси» жобасы туризмді дамыту бағдарламасы аясында жасалды. Ол жолаушыларды 1-ықшамаудан мен 15-ықшамаудан аралығында тасымалдау қызметін атқарады. Келер жылдың жазында Ақтау тұрғындары мен қала қонақтары жаңа қызметті пайдалана алады.

Шамамен, бір жолаушының жол жүру ақысы 1 000 теңге болуы мүмкін. Бұл қызметті Ақтауға енгізу үшін, Ж.Тоқбаеваның хабарлауынша, 100 миллион теңге бөлінген. Жалпы туризмді дамыту саласында тоғыз жоба мақұлданған.