Ақтауда алты жасар қызды зорлап, ауыр жағдайға ұшыратқан педофил ұсталды

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бүлдіршін енді мүгедек болып қалуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, ойын баласының миы қатты  шайқалған. Әлі есін білмейді. Кішкентай қыз қазір Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығындағы жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулығын елордалық дәрігерлер күні-түні бақылауда. Бірақ бұдан  қыздың беті бері қарайтын түрі жоқ. Естеріңізге салсақ, елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға 20 тамыз күні болған еді. 6 жастағы қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған сәби Ақтау шетіндегі саяжайдан табылған. Сөйтсе, азғын бүлдіршінді аямай, ойына келгенін істепті. Оны зорлады деген бір
күдікті екі күннен кейін ұсталған
болатын. Бірақ кейін ол жігіттің мұндай қылмыс жасамағаны анықталды.