Ақтауда анасы өз баласын тұншықтырып өлтірді

Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Қылмыстық іс 14 қазан күні 5 шағын ауданның 3 үйінде болған. Анасы өз туған баласын жылу құбырына аяқ-қолын байлап, оны тұншықтырып өлтірген.

Марқұм болған бала №7 мектепте 3-ші сыныпта оқыған.

  • Ол әйел күйеуімен ажырасып кеткен, бірақ баланың әкесі жиі келіп тұратын. Соңғы екі айда ол әйел өз-өзін біртүрлі ұстап жүрген еді. Мектепке барып, айқай шығаратын, - дейді куәгерлердің бірі.

Куәгердің айтуы бойынша полиция қызметкерлері әйелді бірден тұтқындап, өз баласын өлтірген әйел өз кінәсін мойындаған.