Ақтауда ақшай айырбастайтын орынды тонап кеткен

Ақтау полициясы ақша айырбастау пунктін тонап кеткен қаскүнемді іздеуде.


           Ол бейсенбіде сағат 8:30 шамасында бөлмеге басып кіріп, кассирге күш көрсетіп, 640 мың теңге, 800 доллар және 80 мың ресейлік рубльді алып кеткен, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
           Оқиға болған орындағы бейнежазба алынды, полиция қызметкерлері жақын үйлердегі адамдарды сұрастыруда.