Ақтауда атылып өлді делінген әкімдік күзетшісінің туыстары полицияның өтірігін әшкереледі

Бұл Қарлыға Жаңабергенованың мектепті бітіргеніне15 жыл толуына орай өткен кездесуде сөйлеген сөзі. Алайда ендігі мерейтойда сыныптастарымен бас қосуды жазбапты. Күйеуі мен ұлының ортасында бақытты күн кешіп жатқан келіншек қайтыс болардан бұрын 33-ші туған күніне дайындалған екен. 

-Осылай-күліп-ойнап жүрген адам өз-өзіне қалай қол жұмсады?

Қарлығаның күзет басқармасында жұмыс істеп жүргеніне 11 жыл болыпты. Желтоқсанның 19-нан 20-сына қараған түні Ақтау қаласы әкімдігіне кезекшілікке түскен келіншектің мәйітін әріптестері әжетханадан тапқан болатын. Тергеушілер оның өз-өзіне қол жұмсауына обыр дертіне шалдығуы себеп болуы мүмкін деген еді сол кезде.

Мариза Құрақова, марқұмның анасы:

-Ешқандай ауруы жоқ. Дені сау. Өз жұмысын сүйіп жасайтын қыз қыршын қиылып кетіп отыр. Үлкен коррупция болған қалалық әкімдікте. Соны бұл қыз көреді, біледі. Олар қызымның көзін жоқ қылып, мылтығын қолына ұстатып кеткен.

Туыстарының бұлай күмәндануына оқиға болған кезде әкімдіктегі бақылау камераларының түгел өшіп қалуы себеп екен. Туыстарының күдігін тергеушілердің қауіпті кесел туралы жауабы да арттырып отыр. Өйткені онкологиялық орталық Қарлығаның тіркеуде жоқ екенін растайтын анықтама берген. Соған қарамастан полиция оның науқас екенін тағы бір растады.  

Алдирза Қуанышкереев, Маңғыстау облыстық ІІД бастығының орынбасары:
 

-Мұқанова Демина деген азамат бірге жұмыс істеді, әкімдіктің диспетчері болып. Екеуі бірге отырады, шәй ішеді, әңгімелерін айтады, сол кісіге айтыпты өзінің ауыратынын.

Мұқанованың өзі көп ұзамай жұмыстан кеткен. Ал, әкімдіктің бақылау камераларында қайғылы оқиғаға дейін ақау болды дейді полицейлер.  

-Қазір аталған іс бойынша өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер де жоқ емес. Енді оқиғаның мән-жайы сараптаманың қортындысы бойынша анықталмақ. Ол екі айдан кейін ғана дайын болады.  

Loading...