Қалалық прокурордың айтуынша, заң бұзушылықтар қаланың Ішкі істер басқармасының арнайы қабылдау бөлімшесіне азаматтарды заңсыз қамағандығымен сипатталады.
Арнайы қабылдау бөлімшесінің ұсынған статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2006 жылы аталмыш мекемеге жасаған айыбы үшін 306 азамат қамалған, оларды ұстау мерзімі бір тәуліктен екі тәулікке дейін созылады. Арнайы қабылдау бөлімшесіндегі тұлғалардың санын Ішкі істер басқармасы мен Ақтаудың арнаулы әкімшілік сотының іс жүзінде қарастырған әкімшілік заң бұзушылық туралы істермен салыстыру барысында 306 адамның 159 (51 пайызы) үстінен әкімшілік заң бұзушылық туралы іс қозғалмаған және өкілетті органдар қарамағандығы белгілі болды.
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында арнайы қабылдау бөлімшесіндегі адамдардың 52 пайызы сот немесе прокурордың рұқсатынсыз қамалған.
Сөйтіп, полицейлер азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзған, яғни Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының талаптарына сәйкес "әрбір азамат жеке бостандыққа құқылы. Қамауға алу және ұстау тек заңмен қарастырылған жағдайда және сот немесе прокурордың рұқсатымен жүргізіледі",- деп атап өтті ол.
"Тұлғалардың арнайы қабылдау бөлімшесінде конституциялық құқықтары бұзылып, заңсыз қамалуы мемлекетке айтарлықтай шығын әкеледі",- деді Ж. Жақсыбаев. Ол, арнайы қабылдау бөлімшесіндегі адам басына шаққанда бір тәуліктік азық-түлік нормасы 411 теңге болғанда, мемлекет 189 адамды тегін тамақтандырып, 77 мың 679 теңге негізсіз шығынға ұшыраған.
"Анықталған заң бұзушылықтар қалалық Ішкі істер басқармасының лауазымды тұлғаларының өздерінің тиісті лауазымдық міндеттерін орындамауының және заңдылықтың нақты ахуалына бақылау қоймағандықтың салдары болып табылады",- деді прокурор.
Ішкі істер департаменті қала прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысын қарастыру нәтижесінде Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасы мен облыстық Ішкі істер департаментінің 31 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапқа тартылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті