Ақтауда байкерлер маусымы басталды


Қос дөңгелекті жүйріктерді тамашалауға жиналған тұрғындар да көп.  Тіпті, шетелден де қонақтар келген. Қыс бойы осы күнді күткен байкерлер күнделікті киімдерін былғары күртешеге ауыстырған. Бір-біріне мотоциклдерімен мақтанды. Бұл күні байк мінген бойжеткендер де қалыс қалған жоқ.