- Төмендегі қоқыс жәшігіне түсер деп лақтырдым.
- Біреудің басына түседі деп ойламадыңыз ба?
- Қоқыстан басқа ештеңе жоқ еді...
Полицияға түсінік беріп жатқан азамат 4 жасар Исламның оның еріншектігінің салдарынан бақилық бола жаздағанын тәртіп сақшыларынан білдім деп отыр. Қазіргі уақытта оған қатысты «Денсаулыққа абайсызда зақым келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқыс оқиға өткен демалыс күні Ақтаудағы көпқабатты үйдің жанында орын алған. 10-қабаттан лақтырылған теледидар баланың басына тиіп, ол ауыр бас жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Дәрігерлердің оның өмірін сақтап қалуға тырысып жатқанына бүгін бес күн болды.