Ақтауда батыр бабалардың әруағын қорлаған вандалдар қолға түсті


Жарылысты қаскүнемдердің өздері ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Полиция қызметкерлері бұзақыларды сол видео арқылы тауып алды. Алдымен, түрі анық көрінген жасөспірім құрықталған. Қасында болған тағы 3 жігіттің кім екенін өзі тауып берді. Қолға түскендердің 4-еуі де 16-17 жастағы колледж студенті мен мектеп оқушылары. Енді олар 10 күнге дейін абақтыға жабылуы мүмкін.