Ақтауда бекіре тұқымдас балық аулап жүрген екі браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Браконьерлер Түпқараған аудандық балық инспекциясының қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесе жүргізген рейдтік тексеру барысында Каспийдің жағалауында ұсталды. Олардан жалпы салмағы 56 килограмм 10 бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Сонымен бірге полиция заң бұзушылардан 80 метр ау мен моторлы қайықтарды тәркіледі.

Мамандардың есептеуінше, заңсыз балшық аулаудан 275 184 теңгенің шығыны келді.

Бүгінде Ақтау табиғат қорғау прокуратурасы ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы, 2-тармағы бойынша (су жәндіктері мен өсімдіктерді заңсыз аулау және алу) қылмыстық іс қозғап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті