Ақтауда бекіре тұқымдас балықтарды жойғаны үшін 1 млн теңге шамасындағы ақша-қаражат мемлекет қазынасына төленді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Маңғыстау облысында Ақтау табиғат қорғау прокуратурасының бекіре тұқымдас балыққа зор шығын келтіріп заңсыз аулағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 бабы 3-тармағы (теңіз жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз иелену) бойынша екі браконьерге қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот шешімі шықты.

"Олар табиғат қорғау прокуратурасының облыстық табиғат қорғау және ветеринарлық полиция қызметкерлерімен бірлесе жүргізген рейдтік тексеріс кезінде тұтқындалған. Олардан жалпы салмағы 185 кг тартатын бекіре тұқымдас 22 балық тәркіленді. Сот бұл тұлғаларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63 бабын пайдалана отырып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен бірге, Ақтау табиғат қорғау прокуратурасының олардан басқа екі тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 бабы 2-тармағы (тағы да бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау) бойынша қозғаған тағы бір қылмыстық іске байланысты Түпқараған аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63 бабын пайдалана отырып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Мемлекет қазынасына 275 мың теңге енгізілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті