Ақтауда бір тәулікте 50 адам жер қойнына тапсырылуда, көбі өкпе қабынуынан - жерлеу рәсімі қызметі

Ал жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар марқұмдардың саны шынында артқанын растады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы КТК - ға сілтеме жасап.

Соңғы екі аптадан бері іс насырға шапқандай. Осыған дейін өңірде күніне орташа бес адамды жерлесе, қазір бұл көрсеткіш 50-ге дейін өскен. Бұл - тек облыс орталығындағы статистика. Жергілікті тұрғындардың дені бетпердемен жүргенмен, көрінбейтін кеселдің алдында оның өзі қауқарсыз. Ақтаудағы жерлеу рәсімі орталығының мәліметінше, адамдар көктемде негізінен онкология мен жүрек ауруынан қайтыс болған. Қазіргі ахуал мүлде бөлек. Өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны өсіп кеткен.

Наталья Серова, Жерлеу рәсімі агенттігінің директоры:

- Осыдан бірнеше апта бұрын басталды. Бірден 17, одан кейін келесі күні 28 адамға бір-ақ өсті. Басқа күндері көрсеткіш 40, тіптен 50 адамға дейін ұлғайды. Бұл жерде христиандар да, мұсылмандар да бар. Христиандар күніне орташа 10 болса, мұсылмандар 3-4 есеге көп. Көбіне бәрі өкпе қабынуынан көз жұмып жатыр.