Ақтауда біреудің ақша толы әмиянын қолды еткен әйел оны иесіне қайтарды (ВИДЕО)

Бұл туралы шапа шеккен Алмагүл Аманғалиева хабарлады. Оның айтуынша, видео «Лада» сайтына жарияланғаннан кейін оған әйел қоңырау шалып, әмиянын әкелген. Оның ішінде болған 52 мың теңге көлеміндегі ақша да қайтарылды.  

Оқиға 1 қазанда  шамамен сағат 20:00 «Дана»  дүкенінде орын алды. Жапа шегуші жолдаған видеода оның әмиянды құлатып алған кезі көрсетілген. Оны қарсы тұрған кассаның маңындағы әйел көтеріп, пакетіне салған.