Ақтауда "ботулизм" деген диагнозбен Өзбекстанның тағы бір азаматшасы ауруханаға түсті

"20-ақпанда жұқпалы аурулар ауруханасына "ботулизм" деген диагнозбен Өзбекстанның 1961-жылы туған тағы бір азаматшасы жатқызылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, "18-ақпанда Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына "ботулизм" деген диагнозбен Өзбекстанның алты азаматы жатқызылған. Артынан бір әйел аурухананың реанимация бөлімшесінде қайтыс болды.

"Мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметінің департаменті улануға басты себеп - тамақтың қалдықтарын жеуге байланысты, деген тұжырым жасады", деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті