Ақтауда бүтіндей бір отбасы молада тұрып жатыр

Бұл зиратқа бас сұққаннан-ақ жан түршігеді. Мазардың көптігінен емес, ішінде тіріге арналған төсек орынның жатқанынан. Кохтар отбасы моланы 4 баласымен мекендеген. Олар күнделікті қабірдің үстінде отырып тамақтанады екен. Біреудің мәңгі төсегі арақ ішілетін үстелге де айналып үлгерген. Бөтелкелестерімен күнде көңіл көтерген ата-ана көрші бейітті балаларына жатын бөлме етіп берген.

- Лучше себя в могилу свести, чем с такими алкашами жить.

Өлілердің арасында түнеп, әбден мезі болған балалар мектепке де бармайды екен. Күндіз әр жерлерде тентіреп, түнде қорқынышты «үйлеріне» қайтіп келеді. Алайда, есейіп қалған қызы мен ұлдарының енді бұл арада қалғысы жоқ. Арақты суша сіміретін әке-шешесі бөтелкеге айырбастап жібере ме деп күдіктенеді.        


Октам Кох:

-Тым құрыса, кішкентай балаларды бейімдеу орталығына алып кетсе екен. Сонда оқи тұрар еді. Аяғынан тұрып кеткенше жақсы болар еді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар анамды арақтан күштеп емдесе екен.

-  Шыныңызды айтыңзшы, арақ ішесіз ба?

-  Шынымды айтсам соңғы уақытта ішіп жүрмін.

Бала-шағасын молаға ертіп келген әке осы. Бері қарай алмай ұяттан өртенгенсіп тұр. Өйткені үстінен кешегі арақтың иісі мүңкіген. Молада түнеген отбасы туралы тәртіп сақшылары да білмеген. Көргенде төбе шашы тік тұрды. Балаларды полицейлер бірден ертіп әкетті. Ал арағын қимаған ата-ана моланың басында қалды.