Ақтауда цистерна жарылып, күйіп қалған жігіт ауруханада қайтыс болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Lada.kz басылымының жазуынша, күйік шалған 1989 жылғы жігіт ауруханада көз жұмды.

"Науқастардың бірі қайтыс болды. 1981 жылы туған екіншісінің жағдайы әлі ауыр деп бағалануда. Оның бассүйек-ми жарақаттанған, оң аяғы мен оң иығы күйген. Науқастың жағдайын жақсарту үшін дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", – деп хабарлады ауруханадан.

8 қаңтарда Ақтау маңында жанар-жағармай тиелген цистерна жарылды. Жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.