Оқиға 21 қазанда облыс орталығының 23 шағынауданындағы дәмханалардың бірінде, таңғы бестер шамасында орын алды.
Құқық қорғау органының деректеріне сүйенсек, дәмханадағы екі топқа бөлінген жастар өзара келіспей қалып, арты жаппай төбелеске ұласқан. Салдарынан пышақ жарақатын алған Ақтаудың 25 жастағы тұрғыны оқиға орнында ажал құшса, оның 27 және 29 жастағы достары ауыр жарақатпен облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.
Полицейлер оқыс оқиғаның ізін суытпай күдіктілердің бірін қолға түсіріп, уақытша ұстау оқшаулағышына қамады. Тергеу жүргізілуде.