Дауыл салдарынан қалада 500 метр жерге дейін түк көрінбей қалған. Табиғаттың тосын мінезі әуе қатынасы мен көлік қозғалысына да кедергісін келтірді. Күшті желден әуежайға қона алмаған ұшақтар Атыраудағы қосалқы аэродромға аялдауға мәжбүр болды. Ал Ақтаудан ұшуы тиіс рейстер кейінге қалдырылып, жолаушылар діттеген жеріне жете алмаған. Ауа-райын болжаушылардың айтуынша, қатты дауыл тек түнде бәсеңдеп, ертең тоқтамақ.