Ақтауда фаст-фуд пен корей салатын дайындайтын жасырын цех әшкере болды


Өзбекстан азаматтары жұмысты жалға алынған 4 бөлмелі үйде қыздырыпты. Ұйықтайтын жерлерінде самса, пицца, гамбургер даярлайды. Ал, сәбіз салат мынадай лас ыдыстарда сақталған. Санитарлық талап, тазалық дегенді қозғау бұл үйде мүлдем артық сыңайлы. Гастарбайтерлердің қолынан шыққан осындай тамақтар қаладағы «Салтанат» базары мен бірнеше дүкенде саудаланған.