Зардап шеккен ер адам жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы хабарлады.
Болған оқиға туралы хабарлама сағат 12:27-де келіп түскен.
"Ер адам №4 шағын ауданда, "Каравелла" ғимаратының маңында жарақат алған. Зардап шегуші 1990 жылы туған. Алдын ала диагноз - жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған және омыртқаның мойын бөлігі жараланған, - деді жедел жәрдем дәрігерлері.