Ақтауда игерілмеген 158 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды


«2014 жыл бойы жер телімдерін мақсатына байланысты пайдалану жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, мемлекет меншігіне 158,8 га аумақты құрайтын 7 жер телімі қайтарылды. Мониторинг нәтижесінде, қонақ-үй, кеңсе, сауда-орталығы және өндірістік база құрылыстарын салуға бөлінген, 83 пайдаланылмаған жер телімдері анықталды. Бұған қатысты барлық құжаттар жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша мобильдік топтың қарауына қалалық прокуратураға жолданды» делінген хабарламада.