Мемлекеттік қызметкер атануды арман қылған адамнан мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы мен сондағы бір бөлімнің басшысы 200 мың теңге талап еткен. Құныққан екеу қызметтік кеңселерінде параны алып жатқан жерінде құрықталды. Үстел үстіне тасталған 200 мың теңгеден бөлек сейфтен бума- бума доллар табылған. Қазір бұл қаражаттың қайдан келгені анықталуда. Ал қос күдікті бүгінде тергеу қапасында отыр. Олардың ісін тергеушілер жіті тексеруде. Қылмыстары дәлелденсе, қаржықұмар екеу 12 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.