Негізі Ақтауға қар сирек жауады. Жауған күннің өзінде көбіне жерге түсісімен еріп кететін. Ал ақ ұлпаның ұзақ жатқанына тұрғындар да, коммуналдық мекемелер де үйренбеген. Мұнда соңғы рет қар осыдан 6 жыл бұрын қалың жауып, бір апта жатқан болатын. Сондықтан ақ ұлпа түсе салысымен тұрғындар бірден такси қызметіне жүгіне бастады. Ал жолдың тазаланбағаны мен көктайғақты желеу еткен жүргізушілер бағаны бірнеше есе өсіріп жіберген. Бұрын 350 теңге тұратын қызмет түрі 450-600 теңгеге бір-ақ жетті. Баратын жердің ара-қашықтығы мен жолдың тазаланған-тазаланбағанына байланысты баға оның үстіне тағы еселеніп өсе береді.
Оңғарбай Аязбаев, Ақтау қаласының тұрғыны:
- Мысалы қазір 4-тен 28-ге барсақ 1500 теңге дейді, базарға барсаң 2000 дейді. Бұрын-соңды болмаған мұндай баға. Кез-келген таксистен сұрасаң, жер жаман тайғақ дейді. Әй, сен маған гарантия бересің ба десең, апарсам болды ғой дейді. Барлығы жердің жаман, тазаланбағанынан болып тұр
Loading...