Оқиға 1 маусымда, қаладағы 28 және 29 ықшамаудандар арасындағы көшеде орын алған.
Зардап шеккен 40 жастағы әйел Маңғыстаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаевтың сөзінше, зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр. Десе де ол есін біліп жатыр екен.
Жарылыс салдарынан әйелдің қолы, беті, аяғының, ішінің, денесінің алдыңғы жағы күйіп қалған.