Ақтауда компания күзетшісі әріптесін атып өлтірді

"Оқ оның самайына тиіп, маңдайынан шыққан. Дәрігерлер көмек көрсетіп үлгермеді, ол ауруханаға жетпестен жолда қаза болды", деп хабарлады сейсенбіде облыстық аурухананың директоры Нұрлан Тілепов.

Аймақтың құқық қорғау органдарындағы дереккөздің"ИФ-Қазақстанға" хабарлауынша, оқиға өткен дүйсебіде ертеңгілік уақытта "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-не тиесілі нысанда болған.

"Онда екі күзетші болған,бірі екіншісіне оқ атқан.Тергеу бұл кездейсоқ жәйт пе, сол жағын анықтауда", деді агенттікпен әңгімелесуші.