Ақтауда көп қабатты үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды

Ақтауда он қабатты үй өртенді.


           ТЖ министрлігінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні №4 ықшам аудандағы көп қабатты үйден өрт шыққан. Кейін жалын тағы төрт пәтерді шарпыған.
           Өртті сөндіру барысында 19 адамға көмек көрсетілді, тағы 60 адам эвакуацияланды.
           Жалпы аумағы 100 шаршы метрге жайылған өрт үш сағаттан кейін ауыздықталды. Салдарынан екі пәтер толық өртеніп кетті, тағы үш пәтер жартылай зақымданған. №119 пәтерден 68 жастағы әйелдің мәйіті табылды.