Ақтауда көршілердің зәресін қашырған қанды оқиға болды

Үйдің кейбір тұрғындары айқайды естіген. 18 қараша таңғысын полиция үйді қоршауға алды. Оқиға орнында кинологтар мен криминалистер жұмыс істеді. Ер адам бірнеше пышақ жарақатынан көз жұмған. 

Оқиға туралы жедел жәрдем пультіне сағат 07:21-де хабарланған. Келіп жеткен дәрігерлер 25-30 жас аралығындағы ер адамның өлімін тіркеген. 

Көршілердің сөзінше, көз жұмған ер адам отбасын құрмаған. Мұнда бұрыннан бері тұрып келеді екен. Кей мәліметтер бойынша, сотталған. 5-ші ықшамауданның полиция бөлімшесінде оқиғаға қатысты пікір беруден бас тартты.